Анонстар мен іс-шаралар

ПОҚ-ты сертификатталған вебинарға шақырамыз!
Тақырыбы: «Оқытушылық қызметтегі жасанды интеллект, нейрожелілер және цифрландыру» (Технологиялар мен киберқауіпсіздік туралы ғылыми басылымдар)
Ұйымдастырушы: Eurasian Digital Platforms Hub
Күні: 20.11.2026
Уақыты: 15:00 (Алматы уақытымен)
Нәтижесі: Қатысушыларға сертификат беріледі
Тіркелу міндетті: zoom.us
Маңызды ақпарат: Zoom-ға кіру сілтемесі тіркелу кезінде көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі (егер хат «Кіріс» жәшігінде болмаса, «Спам» қалтасын тексеріңіз).
ҚР оқытушыларына арналған барлық іс-шаралар мен вебинарлар туралы толық ақпарат біздің WhatsApp тобымызда, қосылыңыздар: whatsapp.com

Толығырақ
2026-11-20 00:00:00

Магистранттарды, докторанттарды, ғылыми қызметкерлерді, зерттеушілерді, сондай-ақ басшыларды алдағы CNKI халықаралық онлайн-вебинарына қатысуға шақырамыз.

Вебинар аясында қатысушылар CNKI платформасындағы қытайлық ғылыми және академиялық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндіктерімен танысып, ғылыми-зерттеу қызметінде қолданылатын заманауи жасанды интеллект құралдары туралы ақпарат алады. Сонымен қатар, сарапшылармен өтетін арнайы сұрақ-жауап сессиясы барысында өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алады.

Күні: 2026 жылғы 18 қараша
Уақыты: 16:00–17:00 (UTC+8)

Толық ақпарат және тіркелу: lnkd.in/p/gJeMtCnZ

Толығырақ
2026-11-16 00:00:00

Құрметті студенттер!
Қазақстан университеттерінде 2026-2027 оқу жылының көктемгі семестрінде (грантта және шарт бойынша білім алушылар үшін) тегін негізде оқу үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданады.
Іріктеудің негізгі критерийі: GPA ≥ 2.7 - Қазақстан университеттері үшін.

Құжаттар тізімі:
1) жеке куәліктің көшірмесі;
2) жоғары оқу орнының мөрімен расталған академиялық үлгерімі бар Транскрипт (ЦОС-қа тапсырыс беру);
3) кафедра меңгерушісі мен деканның ұсыныс хаты;
4) № 075 нысан бойынша Медициналық анықтама және флюорография;
5) 3х4 фотосуреттер (4 дана);
6) өтініш және келісім (біз сізге жіберетін үлгі бойынша).

Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2026 жылдың 30 қарашасы.

Академиялық қызмет департаменті бағдарламасының үйлестірушісі - Дарья Александровна, 112-кабинет.

Толығырақ
2026-11-10 00:00:00
Бағдарламаны іздеу
Виртуалды тур
Call Center
+7 705 118 60 21
+7 (7182) 67-37-04
phone_in_talk
Қабылдау комиссиясы
+7 705 406 22 66
phone
contact_phone